Выставка «Великие книги о Великой Отечественной войне»

2019 жылдың 6 мамырында Денисов орталық аудандық кітапханасының қазақ әдебиеті бөлімінде 9 мамыр Жеңіс күніне орай «Ұлы Отан соғысы туралы ұлы кітаптар» атты кітап-иллюстрация  көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.

Соғыс тарихынан сыр шертетін кітап көрмесіне 20-дан астам кітаптар, суреттер қойылды. Атап айтқанда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың үлесі, олардың ерліктері жайлы мәліметтер берілген «Жеңіс сарбазы», «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», Қ. Қайсеновтың «Жау тылында», Б.Момышұлының «Майдан жыры мен сыры», «Жетпіс жыл желбірейді Жеңіс туы», «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев естелік кітабы», Т.С. Көлбаевтің «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер туралы және Қостанай облысы бойынша майданға аттанып, содан қайтып оралмаған боздақтар жайында жазылған «Боздақтар» — ескерткіш кітабы қойылды.

Ұлы Отан соғысындағы майдангерлердің, тылда аянбай еңбек еткен азаматтардың бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік ерлігі тарихта өшпестей із қалдырып, халқымыздың жадында мәңгілік сақталады.

*     *     *

6 мая 2019 года сотрудники Денисовской центральной районной библиотеки в отделе казахской литературы   ко Дню Победы организовали книжно-иллюстративную выставку «Великие книги о Великой Отечественной войне».

Цель выставки: прививать у молодежи  любовь к Родине, изучать  свою историю,  заинтересовывать чтению исторических книг, формировать патриотические чувства

На выставке представлены более 20 книг, которые раскрывают тайны истории войны: «Жеңіс сарбазы», «Қазақ жауынгері Ұлы Отан соғысы майданында», Қ. Қайсенов «Жау тылында», Б. Момышұлы «Майдан жыры мен сыры», «Жетпіс жыл желбірейді Жеңіс туы», «Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев естелік кітабы», Т. С. Көлбаев  «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!», книга памяти  «Боздақтар» написана о героях Костанайской области 1941-1945 годы,  которые не вернулись с войны и погибли на фронтах  — эти книги рассказывают о вкладе казахстанцев в годы Великой Отечественной войны,  дают сведения о их героизме.

Великий героизм фронтовиков Великой Отечественной войны, тыловики, которые не жалели сил и здоровья оставили неизгладимый след и останутся в памяти вечной.

Вам также может понравиться

Об авторе Denisovka-cbs

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *